«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С.Тюленина 51
+7 (7112) 21-29-47
+7 (7112) 21-50-49
Сұрақ қою

Орал қаласында 2025 жылдың 12-13 наурызында Парк Отель конференц-залы базасында "Туберкулез инфекциясын анықтаудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи тәсілдері" тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Ұйымдастырушылар: "Фтизиопульмонологияның Ұлттық ғылыми орталығы" (ФҰҒО), "Жаһандық қор" (ЖҚ), "Фтизиопульмонологтар Қазақстандық қауымдастығы" ҚБ (ФҚҚ).
Тренерлар: ҚР туберкулез инфекциясы (ТИ) бойынша ұлттық үйлестірушісі - Чункаева Дина Дуйсенбековна және ҚР ФҰҒО жанындағы ЖҚ ФҚҚ үйлестірушісі - Мусабекова Гульназ Аскербековна.
Тренинг мақсаты: Туберкулез инфекциясын (ТИ) диагностикалау, емдеу және анықтау бөлігінде өңірдегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру. Оқытуға МСАК және ОФПО мамандары қатысты.
Оқуға 26 адам қамтылды. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, аталған тренингті өткізуге арналған грантты Алматы қаласында өткен 2024 жылдың қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінде Батыс Қазақстан облысының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" жеңіп алды.

2/5