16 шілде Жаңақала ауданында туберкулезге қарсы іс-шараларды жүргізу, практикалық көмек көрсету мониторингі мақсатында, ШЖҚ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» МКК-нің директоры Кенжегулов М.С және мониторинг және бағалау тобы, БҚО СЭБД аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді қадағалау бөлімінің бас маманы Ахметкалиева К.Д. бірлесіп Жаңақала ауданына іссапармен барды.
📌 Жаңақала ауданы әкімдігіне барып, аудан әкімінің орынбасары Гумаров Р.К-мен кездесу өткізіп, халық арасында туберкулездің алдын алу, вакцинациялау, ақпараттандыру бағытындағы, оның ішінде халықтың діни бөлігімен бірлескен жұмысты жақсарту мәселелерін талқылады.
Жұмыс барысында ауруханадағы туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша анықталған проблемаларды талқылау, ТБ ерте анықтау, туберкулездің анықталған жағдайларын талдау, МСАК-та профилактикалық жұмыстар жүргізу шараларын талқылады. Кеңеске директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Д.А. Кукенов, эпидемиолог А. А. Абай, психолог А. Ишанов, ЖПД, ОМҚ қатысты. Кеңес барысында бірнеше ұсыныстар берілді.
Жаңақала аудандық аурухана базасында аудандық ішкі саясат жөніндегі маман Ғаббасов Н., теолог Болатов А.-мен бірлесіп дөңгелек үстелде кездесу ұйымдастырылды, онда БЦЖ-дан бас тартқан халықтың өкілдері шақырылды, шешу жолдары талқыланды.
16 шілде Жаңақала ауданында туберкулезге қарсы іс-шараларды жүргізу, практикалық көмек көрсету мониторингі мақсатында
7/16/2024